Алматыда күрес түрлерінен өтіп жатқан Қазақстан кубогында грек-рим күресі бойынша 55 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз анықталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Финалда Ақтөбе облысының өкілі Арсен Жұма мен Қызылорда облысының балуаны Алпамыс Дастанбек өзара мықтыны анықтады.
Шешуші кездесуде Алпамыс Дастанбек қарсыласынан басым түсіп, жеңіске жетті.
Қорытынды есеп — 2:0.
Осылайша, ол Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанды.
