Күрес федерациясының вице-президенті Нұраддин Садықов «Бірінші бол» YouTube арнасына берген сұхбатына байланысты Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуковпен сөзге келді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жақында ғана күрес федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалған Нұраддин Садықов «Бірінші бол» YouTube арнасына берген сұхбатында: «Күрес «быдло» сөзімен синоним болып кетті», — деп айтқан болатын.
Бұл пікірге келіспеген еркін күрестен белгілі қазақстандық балуан Ислам Байрамуков әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп жазды:
«Мыналар отырып алып, бүкіл күрес түрлеріне күйе жағып тұрғандарын түсінбейді ма?
«Быдло» – ругательное слово, которое в современном языке означает грубых, невежественных людей. Также так могут обозначать людей, выполняющих тяжёлую работу и занимающих низкое социальное положение. В переносном, разговорном смысле «быдло» – тупой, грубый, неотёсанный, бескультурный человек.
Күресті элитаға айналдырамыз дейді ме? Грек-рим, еркін күрес, әйелдер күресі, дзюдо (самбо) ежелгі заманнан бастап Олимпиада бағдарламасына кіреді. Бұдан былай қандай элита керек сендерге?
Өздерің қолдап, насихат етіп жүрген октагонда былықтың көкесі дамып жатқанын көрмейсіңдер ме? Ақ ит кіріп, көк ит шығып, қаңқу сөздер сөйлеуде. Өсіп келген жас ұрпаққа қандай насихат?
Біздің күресімізде ондай іс-әрекет түбірімен жоқ. 90-шы жылдары не болғанын сендер білесіңдер ме? Экономика құдырап кеткен, заң жоқ, беспредел! Біз сол уақытта өмір сүрдік. Бір күні тоқ, бір күні аш жүрдік. Бірақ жаттығуымызды үзбедік, еңбек еттік, дүбірлі жарыстарға шықтық. Сол кездегі батырлар (құлақтары пельмен) жандарың қиып, өмірде де, көшеде де тәртіп орнатқан. Өмір де, тағдыр да солай болды. Олардың қасында дем ала алмай қалатын шығарсыңдар. Көбісі федерацияларға көмек беріп, жұмыс атқарды. Ұзынқұлақ әңгімені тыңдасаңдар, білесіңдер», — деп жазды.
Өз кезегінде Нұраддин Садықов та Instagram парақшасында жауап берді.
«Біз сіздерге жау емеспіз. Біздің ниет — күресті бұқаралық спортқа айналдырып, залдарды қарадомалақтарға толтыру», — деп жазды.
