Алматы қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Қазақстан кубогында грек-рим күресінің аса ауыр салмақтағы финалында алтын медаль үшін Қызылорда облысының өкілі Олжас Сырлыбай мен Шымкент қаласының балуаны Әлімхан Сыздықов өзара мықтыны анықтады, деп жазады Sportbugin.kz.
Белдесу барысында төрешілер Әлімхан Сыздықовқа ескерту жасап, Олжас Сырлыбайға алғашқы ұпайды берді.
Көп ұзамай шабуылға сәтті шыққан Олжас қарсыласын қапыда ұстап, тушеге түсірді. Осылайша, финал мерзімінен бұрын аяқталып, Олжас Сырлыбай Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды.
Айта кетейік, Олжас Сырлыбай — 2023 жылы Астанада өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері.
