«Барселонаның» жас жұлдызы Ламин Ямаль чемпиондық шеру кезінде Палестина туын көтерді, деп жазады Sportbugin.kz.
Ламин Ямаль Ла Лигадағы жеңістен кейін Барселонадағы мерекелік шеру кезіндегі әрекетімен де көпшіліктің назарын аударды.
Ашық автобуста өткен чемпиондық шеру барысында футболшы Палестина туын ұстап шықты. Бұл сәт әлеуметтік желілер мен әлемдік БАҚ-та кеңінен талқыланды.
