Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан U15 және U17 жас санаттарындағы Азия чемпионатының финалына Қазақстанның 26 боксшысы жолдама алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Финалға ең көп боксшы шығарған үздік үш ел:
37 боксшы — Өзбекстан
26 боксшы — Қазақстан
24 боксшы — Үндістан
Айта кетейік, U15 санатындағы финалдық жекпе-жектер 14 мамырда, ал U17 санатындағы шешуші кездесулер 15 мамырда өтеді.
