World Boxing ұйымы Беларусь спортшыларына қойылған шектеулерді алып тастады, деп жазады Sportbugin.kz.
Енді Беларусь боксшылары халықаралық жарыстарда өз елінің туы мен әнұраны астында өнер көрсете алады. Ұйым өкілдерінің мәлімдеуінше, енді Беларусь спортшыларына бейтарап атлет мәртебесі қолданылмайды.
Айта кетейік, Генадий Головкин 2025 жылдан бері World Boxing ұйымының президенті қызметін атқарып келеді.
