Ақтық сында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев пен Қаһарман Қисыметов Қазақстан кубогінің алтыны үшін кілемге шықты.
Финалдың алғашқы кезеңінде Жадраев белдесу тізгінін толықтай өз қолына алды. Алдымен қарсыласының сылбыр күресі үшін 1 ұпай еншіледі. Кейін төреші шешімімен Қисыметов партерге жатқан сәтте, қатарынан екі рет накат жасап, есепті 5:0-ге жеткізді.
Екінші кезеңде Қаһарман Қисыметов белсенділікті арттыруға тырысқанымен, Демеу Жадраев оған мүмкіндік берген жоқ. Қорытынды есеп — 5:1.
Осылайша, Демеу Жадраев Қазақстан кубогінің чемпионы атанды.
