Алматы қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Қазақстан кубогында грек-рим күресінен 82 келі салмақта Ибрагим Магомадов чемпион атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Финалда Қарағанды облысының балуаны Шымкент қаласының өкілі Омар Сатаевпен белдесті. Кездесу барысында Магомадов толық басымдық танытып, қарсыласын 8:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді.
Алғашқы сәттен шабуылға шыққан Ибрагим әуелі төрт ұпай еншілеп, есепті ашты. Бұдан кейін қарсыласының артына өтіп, басымдығын арттырған балуан белдесудің соңында партердегі нәтижелі әдіспен есепті 8:0-ге жеткізді.
