Алматыда өтіп жатқан күрес түрлерінен Қазақстан кубогында грек-рим күресінің 97 келі салмағында Иусуф Мациев топ жарды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Финалда Қостанай облысының өкілі Рахат Бержановпен күш сынасты. Белдесудің алғашқы минуттарында Мациев сылбыр қимылы үшін партерге түсіп, қарсыласы бір ұпай алған еді.
Осыдан кейін қостанайлық спортшы қатарынан екі сәтті накат орындады. Артынша қарсыласының пассивтілігі үшін тағы ұпай иеленіп, есеп айырмасын ұлғайтты.
Осылайша, Иусуф Мациев 8:1 есебімен сенімді жеңіске жетіп, Қазақстан кубогінің алтын жүлдесін иеленді.
