Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Элина Свитолинаға есе жіберіп, WTA 1000 Rome Open турнирінің ширек финалында жарысты аяқтады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қазақстанның бірінші ракеткасы ширек финалда украиналық Элина Свитолинамен кездесіп, тартысты матчта үш сет қорытындысы бойынша жеңіліп қалды — 6:2, 4:6, 4:6.
Рыбакина турнир барысында грек спортшысы Мария Саккари, филиппиндік Александра Эала және чехиялық Каролина Плишкован жеңіп, ширек финалға дейін жеткен болатын.
Айта кетейік, 28 сәуірде Елена Рыбакина Мадрид WTA 1000 турнирінің 1/8 финалында Аустрия атынан өнер көрсететін Анастасия Потаповадан ұтылған еді.
