Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұханның RАF лигасындағы келесі қарсыласы кім болатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қазақстандық балуан 13 маусым күні АҚШ-тың Миссури штатындағы Сент-Луис қаласында өтетін RAF 10 турнирінде кілемге шығады. Бұл жолы оған америкалық балуан Хейден Зиллмер қарсылас атанады. Бұл Зиллмердің аталған лигадағы алғашқы жекпе-жегі.
Айта кетейік, Ризабек соңғы белдесуін сәуір айында өткен RAF 08 турнирінде өткізген болатын.
