Халықаралық Олимпиада комитеті 2028 жылы Лос-Анджелес Олимпиадасы аясында өтетін бокс бәсекелеріне арналған салмақ дәрежелерін ресми түрде жариялады, деп жазады Sportbugin.kz.
Ерлер мен әйелдер арасындағы салмақ санаттары теңестірілді. Екі бағдарламада да жеті салмақ дәрежесінен болады.
Ерлер арасында жүлделер жеті салмақта сарапқа салынады: 55 келіге дейін, 60 келіге дейін, 65 келіге дейін, 70 келіге дейін, 80 келіге дейін, 90 келіге дейін және 90 келіден жоғары.
Ал әйелдер арасындағы жарыстар да жеті салмақ дәрежесінде өтеді: 51 келіге дейін, 54 келіге дейін, 57 келіге дейін, 60 келіге дейін, 65 келіге дейін, 70 келіге дейін және 75 келіге дейін.
Лос-Анджелес Олимпиадасы жолдамалары әлем чемпионаттары, құрлықтық іріктеу турнирлері және әлемдік квалификациялық жарыстардың қорытындысы бойынша үлестіріледі.
