Алматыда өтіп жатқан күрес түрлерінен Қазақстан кубогында әйелдер күресінен 50 келі салмақтағы финалда Маңғыстау облысының балуаны Марал Тәңірбергенова Батыс Қазақстан облысының өкілі Зейнеп Баянованы жеңіп кетті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Алғашқы кезеңде Баянова есеп ашып, шабуылда белсенділік танытты. Дегенмен, Тәңірбергенова да сәтті әдіс жасап, есеп айырмасын қысқартты. Нәтижесінде бірінші кезең 4:3 есебімен Баянованың басымдығымен аяқталды.
Екінші кезеңде Марал қарсыласын кілем шетіне ығыстырып, есепті теңестірді.
Ал белдесудің соңғы секундтарында Зейнеп Баянова қарсыласының шашынан ұстағаны үшін ескерту алып, төрешілер Марал Тәңірбергеноваға қосымша бір ұпай берді.
Осылайша, 5:4 есебімен Марал Тәңірбергенова Қазақстан кубогінің алтын жүлдесін жеңіп алды.
