Қазақстан бокс федерациясының президенті елдегі ең жас миллионерлердің қатарына енді, деп жазады Sportbugin.kz.
35 жастағы Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша елдегі ең жас миллионерлер тізіміне енді. Оның байлығы 482 миллион доллар көлемінде бағаланған.
Шахмұрат Мүтәліп еліміздегі ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыратын Integra Construction KZ компаниясына иелік етеді. Компания Қазақстанның әр өңірінде ауқымды нысандардың құрылысына қатысқан.
Атап айтқанда, KamAZ зауытының құрылысы, Құрық порты аумағындағы паром кешені және Ақтау қаласындағы контейнерлік хаб — компания жүзеге асырған ірі жобалардың қатарында.
