Қазақстан каратэ федерациясы 2025-2026 жылғы маусымда халықаралық жарыстарда тұрақты нәтиже көрсетіп, жоғары жетістіктерге жетіп жүрген спортшыларды арнайы қаржылай сыйақымен марапаттады, деп жазады Sportbugin.kz.
Федерацияның вице-президенті Болат Хавлахат Алматы қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына арнайы барып, ұлттық құрама спортшыларына сыйақы табыстады.
Атап айтқанда, Софья Берульцева 3 миллион теңге көлемінде сыйақы алса, Әсел Қанай мен Дидар Әмірәлі 1,5 миллион теңгеден иеленді.
Сонымен қатар, ұлттық құраманың дене даярлығына жауапты жаттықтырушы Денис Гуляевқа Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісін табыстады.
Бұл бастама федерация тарапынан спортшылар мен бапкерлердің еңбегін бағалап, оларды алдағы жарыстарда жаңа жетістіктерге ынталандыруға бағытталған.
