Сәкен Бибосыновтың титулдық жекпе-жегі өтпейтін болды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Сәкен Бибосынов 23 мамыр күні Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында индонезиялық Сурия Дхармамен WBA Asia белбеуі үшін қолғап түйістіруі керек болған.
Бұл кездесу алғашында 17 сәуірге жоспарланған еді. Алайда кейін SaikouLush промоушені Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты жекпе-жекті өткізу мүмкін еместігін мәлімдеп, кездесуді 23 мамырға ауыстырған болатын. Енді бұл кездесудің өтпейтінін хабарлады.
Боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында: «Өкінішке қарай,
23 мамырдағы жекпе-жек белгілі бір себептерге байланысты өтпейді. Жоспар өзгерді. Жұмыс жалғасуда», — деп мәлімдеді.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокста әзірге екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен.
