Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан таеквондодан ересектер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар Бейбарыс Қабылан мен Айдана Құмартаева жүлдеге бір қадам қалғанда жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
U21 санатындағы әлем чемпионы Бейбарыс Қабылан ширек финалда Қытай спортшысы Тан Хаомен кездесті. Тартысты өткен жекпе-жекте қазақстандық таеквондошы соңғы секундтарда қарсыласына есе жіберді.
Ал әлем чемпионатының қола жүлдегері Айдана Құмартаева ширек финалда Оңтүстік Корея өкілі Ли Юминмен күш сынасты. Алайда отандасымыз бұл кездесуде қарсыласының мықты екенін мойындап, жарысты аяқтады.
Осылайша, қос қазақстандық спортшы Азия чемпионатының жүлдесіне қол созым жерде тоқтады.
