Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан таеквондодан Азия чемпионатында Эльдар Бірімбай мен Назым Махмұтова жүлделі орын иеленді, деп жазады Sportbugin.kz.
Жарыстың екінші күнінде жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталып, Қазақстан қоржынына 2 қола медаль түсті.
73 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Назым Махмұтова жартылай финалда Қытай спортшысы, Азия ойындарының жеңімпазы Сун Цзеге 1:2 есебімен есе жіберді.
Ал 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Эльдар Бірімбай ирандық Амир Сина Бахтияриден 1:2 есебімен ұтылды.
Осылайша, қос спортшы да Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде 3 қола медаль бар.
