Күрес түрлерінен Алматыда аяқталған ел кубогында жамбылдық балуан Нұрданат Айтанов ерекше көзге түскен. Бұл туралы еркін күрестен ұлттық құраманың бас бапкері Данияр Қайсанов мәлімдеді, деп жазады Sportbugin.kz.
«Ел кубогында жанкүйерлер үшін жаңа есімдердің бірі – Нұрданат Айтанов болды. Десе де, біз оны бұрыннан бақылап жүрміз. Осы жарыста да алысқа баратынын білдік. Енді Нұрданат жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысады. Алматыдағы турнирде Айтанов 57 келідегі әккі балуандарды жеңіп кетті. Енді әлемдік жарыстарда шыңдалу керек», — деді Қайсанов.
Айта кетелік, Нұрданат Айтанов олимпиадалық салмақ саналатын 57 келіде қарсылас шыдатқан жоқ.
