Күрестен 2026 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтетін болды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бұл туралы Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Еркін Оқасовәлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Күрес түрлерінен 2026 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді. Бұл — Қазақстан спорты үшін тарихи оқиға. Әлемдік деңгейдегі ең беделді жарыстардың бірін елімізде өткізу туралы шешімді халықаралық United World Wrestling барлық таныстыру, талқылау және дауыс беру кезеңдерінің қорытындысы бойынша қабылдады», — деп жазды.
Айта кетейік, әлем чемпионаты бастапқыда Бахрейнде өтуі тиіс болған. Алайда Таяу Шығыстағы қауіпсіздік жағдайына байланысты ел турнирді қабылдаудан бас тартқан.
