ММА файтері Қуат Хамитов Атырауда полицияның назарына ілікті. Бұған әлеуметтік желіде тараған видео себеп болған, деп жазады Sportbugin.kz.
Онда Toyota Camry көлігінің жолаушылары қозғалыс кезінде терезеден шығып, қауіпсіздік белдігін тақпай отырғаны көрінеді.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тексеріс нәтижесінде 24 және 22 жастағы жолаушылары жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, көлікті басқарған 20 жастағы жүргізуші де жазаланған.
Бұдан бөлек, Хамитовтың өзіне де айыппұл салынды.
Видео алғаш Batyr Fighting Championship турнирін ұйымдастырушылардың Instagram парақшасында жарияланған. Кейін ролик өшірілгенімен, әлеуметтік желілерде тарап үлгерген.
