UFC файтері Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Ол көпшіліктің сұрақтарына жауап беріп, босануды жалғыз өткергенін айтты.
«Ол “бала керек емес” деп айтып кеткен… Алла деп өз аяғыммен барып босанып, аман-есен өз аяғыммен үйге келдім»,- деп жазды Гүлайым Рахмонова.
Сондай-ақ ол жұртшылықтан Шавкат Рахмоновты артық хабарламамен мазаламауды сұрады.
