Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов қазақстандық боксшылар мен жаттықтырушыларға тәртіп пен спорттық этиканы қатаң сақтау қажеттігін ескертті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
«Тәртіп пен спорттық этика — басты орында. Халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын әрбір спортшы мен бапкер мемлекеттің абыройына нұқсан келтірмеуі тиіс. Тәртіп бұзғандарға қатаң шара қолданылады», — деді Ақшалов.
Айта кетейік, 2025 жылдың шілде айында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі спорттық этиканың жаңа, күшейтілген кодексін ресми түрде қолданысқа енгізген болатын.
