Бокстан ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Қайрат Сәтжанов бапкерлерге нақты талап қойылуы керек екенін айтты, деп жазады Sportbugin.kz.
Қайрат Сәтжанов бұл туралы Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Оның сөзінше, аймақтардағы бапкерлерге нақты міндет жүктелуі қажет.
«Облыстарды аралап жүргенде басшыларға айтып жатырмын. Бапкерлерден міндеттеме алу керек. “Осы жылы Қазақстан чемпионын дайындауым керек, ұлттық құрамаға кіруіміз керек” деген сияқты нақты мақсаты болуы тиіс», — деді Сәтжанов.
Сондай-ақ нәтиже көрсету үшін әр бапкер өз жұмысына жауапкершілікпен қарауы керектігін атап өтті.
