Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров өзіне және бапкерлер құрамына жалақы төлеу толық тоқтатылғанын айтты. 1 ақпаннан бастап спортшы медициналық бақылаудан да айырылған, деп хабарлайды Sportbugin.kz Тимур Балымбетовтің YouTube арнасына сілтеме жасап.
Спортшының айтуынша, Олимпиададағы жеңістен кейін өзіне және командасына жалақы төленбеген.
«Қазір келесі маусымға дайындалуым керек. Жаттығу жиындары мен жаңа бағдарламалар жоспарланған. Бірақ қаржыландыру мәселесі әлі шешілмеді. Бірі бір ақпарат айтады, екіншісі басқа жауап береді. Ал 1 ақпаннан бастап дәрігерлік бақылауды алып тастады», — деді.
Сондай-ақ ол жалақысына қатысты ақпараттың жарияланғанынан кейін жағдайдың өзгергенін меңзеді.
«Мен тек дамып, Қазақстанның туын көтергім келеді. Интрига мен даудың қажеті жоқ. Жалақым туралы ақпараттың жарияланғаны маған ұнамағанын айттым. Сол сөзім үшін жазалап жатқандай әсер қалдырады. Қазір командама да жалақы төленбей отыр», — деді Михаил Шайдоров.
