Аралас жекпе-жек шебері әрі актер Еркебұлан Тоқтар онкологиялық дертке шалдыққан анасын емдетуге қаржы жинап жүрген оқырманына көмектесті, деп жазады Sportbugin.kz.
Еркебұлан анасының еміне шұғыл 50 мың доллар (23,5 миллион теңге) жинап жүрген оқырманы Жасқанаттың үндеуін тамашалайды. Осыдан кейін файтер
1,5 айдан кейін Алматыда өтетін жекпе-жегінің гонорарын алдын алып, қажетті қаржыны толықтай оқырманына табыстаған.
«Қуаныштан жылап отырмын, қолым дірілдеп тұр. Қолдау көрсеткен баршаңызға үлкен рақмет», — деді Жасқанат спортшыға алғысын білдіріп.
