Вьетнамның Дананг қаласында еркін күрестен 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Құрлық біріншілігінде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, 4 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлдеге қол жеткізді.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы
2-орынға тұрақтады. Бірінші орынды Үндістан құрамасы иеленсе, үздік үштікті Қырғыз Республикасы түйіндеді.
Айта кетейік, еркін күрестен 23 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт шебері Еркебұлан Кешубаев баптайды. Ол ағасы Роллан Кешубаевпен бірге отандық күрестің дамуына үлес қосып, жас балуандардың халықаралық аренада жарқын нәтиже көрсетуіне жол ашып келеді.
