Өзбекстан құрамасының футболшылары 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысу үшін АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына аттанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Топтық кезеңде Өзбекстан құрамасы Португалия, Колумбия және Конго Демократиялық Республикасы құрамаларымен кездеседі.
Өзбекстан Орталық Азия елдерінің арасынан футболдан әлем кубогына жолдама алған тұңғыш мемлекет. Футболшыларға ақ жол тілеп, шығарып салуға президент Шавкат Мирзиевтің өзі арнайы келді.
Өзбекстан құрамасын 2006 жылғы әлем чемпионы, Италия құрамасының бұрынғы капитаны, “Алтын доп” иегері және әлемдегі тасқамал қорғаушылардың бірі болған атақты маман Фабио Каннаваро жаттықтырады.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді.
