Бішкекте өткен көркем гимнастикадан Азия чемпионатында өзбекстандық гимнаст Тахмина Икромова абсолютті Азия чемпионы атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Икромова жекелей сындағы барлық бағдарламада топ жарды. Ұршықпен орындалатын жаттығуда 29.75 ұпай, шығыршықпен орындалатын жаттығуда 29.25 ұпай, доппен орындалатын жаттығуда 29.05 ұпай, таспамен жаттығуда 28.45 ұпай жинады. Сонымен қатар ол көпсайыста да алтын медаль жеңіп алды.
Ал қазақстандық гимнасттар Азия чемпионатын 5 күміс және 4 қола жүлдемен түйіндеді.
Айта кетейік, 2006 жылы Үндістанда өткен Азия чемпионатында Әлия Юсупова барлық бағдарлама түрлерінде алтын медаль жеңіп алып, Қазақстан тарихында тұңғыш рет абсолютті Азия чемпионы атанған.
