Бақыт Сәрсекбаев аса ауыр салмақтағы боксшы Владислав Саможоновты Баходир Жалоловтан да асып түсетін спортшы ретінде бағалады, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстан бокс федерациясының U-19 құрамасының Instagram-парақшасында Өзбекстанның Шыршық қаласында өтіп жатқан бірлескен оқу-жаттығу жиынынан видео жарияланды. Кадрларда бапкер мен 90 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін Саможоновтың лапамен жұмыс істеп жатқан сәті көрсетілген.
«Бұл жігіт Баходирден де асып түссін», — деп пікір қалдырды Сәрсекбаев.
Айта кетейік, биыл наурыз айында Саможонов Таиланд астанасы Бангкокте өткен Futures Cup U-19 турнирінде күміс жүлдегер атанған.
