Британиялық теннисші Франческа Джонс «Ролан Гаррос» турнирінің басты сенсацияларының біріне айналды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Сирек кездесетін генетикалық дертпен дүниеге келген спортшы Франция ашық чемпионатында күтпеген жеңіске қол жеткізді. Джонс әлемдік рейтингте 91-орында тұрған бразилиялық Беатрис Хаддад Майяны үш сет қорытындысы бойынша жарыс жолынан шығарды.
Франческа Джонс эктродактилия және дисплазия синдромымен туған.
Спортшының екі қолында және сол аяғында төрт саусақтан болса, оң аяғында небәрі үш саусақ бар. Сонымен қатар, ол бала кезінде таңдай жырығына байланысты бірнеше отадан өткен.
Соған қарамастан, британдық теннисші кәсіби спорттағы жолын жалғастырып, «Үлкен дулыға» турнирінде өз есімін сенсация авторларының қатарына қосты.
