Аргентина 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Құрамға сегіз дүркін «Алтын доп» иегері Лионель Месси де енді. Бұл шабуылшы үшін алтыншы әлем чемпионаты болмақ. Аргентинаның әлем чемпионатына арналған толық құрамы:
Қақпашылар: Эмилиано Мартинес, Херонимо Рульи, Хуан Муссо.
Қорғаушылар: Науэль Молина, Николас Отаменди, Кристиан Ромеро, Николас Тальяфико, Лисандро Мартинес, Гонсало Монтиэль, Факундо Медина, Леонардо Балерди.
Жартылай қорғаушылар: Валентин Барко, Джовани Ло Чельсо, Леандро Паредес, Родриго Де Пауль, Энцо Фернандес, Алексис Мак Аллистер, Эксекиэль Паласиос.
Шабуылшылар: Нико Пас, Хосе Мануэль Лопес, Лионель Месси, Лаутаро Мартинес, Джулиано Симеоне, Николас Гонсалес, Тьяго Альмада, Хулиан Альварес.
Әлем чемпионы атағын қорғайтын Аргентина құрамасы топтық кезеңде Алжир, Аустрия және Иордания құрамаларымен кездеседі.
