Қарағандылық дзюдошы Дастан Жұмажанов Асқар Шайхиевті еске алуға арналған республикалық турнирдің бас жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Әлем чемпионы, Әлем кубогінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Асқар Тастайұлы Шайхиевті еске алуға арналған дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы дәстүрлі республикалық турнир өз мәресіне жетті.
Қазақстанның әр өңірінен және шетелден келген спортшылар қатысып, жанкүйерлерге тартысты белдесулер сыйлады. Биылғы жарыстың басты ерекшелігі — жеңімпаздар арасында автокөлік ойнатылуы болды.
Турнирдің бас жүлдесі саналатын «Cherry Tiggo» автокөлігі қарағандылық спортшы Дастан Жұмажановқа бұйырды. Көліктің кілтін салтанатты марапаттау рәсімінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев табыстап, жас спортшыға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, ширек ғасырлық тарихы бар бұл турнир бүгінде еліміздегі беделді дзюдо жарыстарының біріне айналып, жас палуандардың тәжірибе жинақтап, шеберлігін шыңдауына үлкен мүмкіндік беріп келеді.
