Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда күрестен рейтингілік турнир басталды. Алғашқы жарыс күнінде грек-рим күресінің өкілдері бақ сынап жатыр, деп жазады Sportbugin.kz.
Грек-рим күресінен 72 келі салмақта сынға түскен Сұлтан Әсетұлы қола медальдан қағылды.
Белдесу барысында отандасымыз 5:2 есебімен алда тұрғанымен, кейін қарсыласына басымдықты беріп қойды.
Нәтижесінде қырғызстандық Жанторо Мирзалиев 11:5 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Сұлтан Әсетұлы ширек финалда ирандық Мұхаммед Резаиден 10:0 есебімен жеңілген. Дегенмен жұбаныш белдесулері арқылы қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алған болатын.
