Олимпиада чемпионы, дзюдошы Беслан Мудранов «Миротворец» ресурсының деректер базасына енгізілді, деп жазады Sportbugin.kz.
Мудрановқа Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығына қол сұқты, сондай-ақ арнайы әскери операцияны қолдады деген айыптар тағылған.
Беслан Мудранов 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық белдесуде отандасымыз Елдос Сметовті жеңіп, Олимпиада чемпионы атанды. Сонымен қатар оның қоржынында әлем чемпионатының және Еуропа чемпионаттарының алтын жүлделері бар.
Айта кетейік, «Миротворец» – 2014 жылы құрылған украиналық интернет-ресурс. Онда сайт авторлары Украина ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп есептейтін тұлғалар туралы ақпарат жарияланады.
