Шетелдік футбол жанкүйерлері мен сарапшылары жақында «Челси» клубына ауысатын қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың болашағын белсенді талқылап жатыр, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұл жолы жас футболшы туралы пікірді TrifectaSport атты танымал парақша жариялап, оның әлеуетіне жоғары баға берді. Авторлар Сәтпаевты ерекше атап өтіп, оны «қазақтың Мбаппесі» деп атады.
«Лондонға “қазақтың Мбаппесі” ұшып бара жатыр. “Челси” клубы оны 4 миллион еуроға сатып алды. Сәтпаев “Қайрат” сапындағы соңғы матчтарын 17 немесе 21 маусымда өткізіп, содан кейін Лондонға аттанады», — делінген жазбада.
Айта кетейік, Дастан ресми түрде 2026 жылдың тамыз айында «Челси» ойыншысы атанады. Футболшы лондондық клубпен бес жылдық келісімшартқа қол қойған.
