Қазақстандық ММА файтері Еркебұлан Тоқтар АҚШ-тың Майами қаласында қазақстандық бокс аңызы Геннадий Головкинмен кездейсоқ кездескен сәтін еске алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұл туралы Еркебұлан Тоқтар Амир Тажибаевтың YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.
«Мен Майамиде Головкинді көрдім. Мен онымен суретке түскім келді, бірақ ол:
«түскім келмейді», — деді. Бірақ мен оған ренжіген жоқпын. Ол сондай адам, тіпті мені «кет әрі» деп жіберсе де, мен оған ештеңе демес едім. Мен оны қатты құрметтеймін», — деді файтер.
