Шымкент қаласы күрес федерациясы Қазақстан кубогы мен Вьетнамда өткен күрес түрлерінен Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы табыстады, деп жазады Sportbugin.kz.
Еркін күрестен U17 жас санатындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Мардан Орынбасар мен Қазақстан кубогының чемпионы Начын Куулар 1 миллион теңгеден алды. Ал Қазақстан кубогының грек-рим күресінен күміс жүлдегерлері Әлімхан Сыздықов пен Омар Сатаевқа 500 мың теңгеден берілді.
Сондай-ақ ел кубогының еркін күрестен қола жүлдегерлері Шамсат Таир, Дархан Есенғали, Ерасыл Мұсан, әйелдер күресінен Қазақстан кубогының қола жүлдегерлері Бейбіт Сейдуали мен Гүлім Серікке 300 мың теңгеден сыйақы табысталды.
Айта кетейік, спортшылармен бірге олардың жеке бапкерлері де қаржылай марапатқа ие болды.
