Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмағұлов Oktagon 89 турнирінде Игор Севериномен болған жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жұмағұловтың айтуынша, бірінші раундта қарсыласының саусағы көзіне тиіп, содан кейін көзі қосарланып көре бастаған. Қазір ол оң көзімен мүлде көрмейтінін айтып, бұл жағдайдың уақытша не тұрақты екенін тексерулер анықтайтынын жеткізді.
Сондай-ақ спортшы қарсыласының әрекетін қауіпті деп бағалап, мұндай жағдайлардың болашақта ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін екенін ескертті.
Айта кетейік, Братиславада өткен Oktagon 89 турниріндегі чемпиондық жекпе-жек екінші раундта тоқтатылып, нәтижесіз деп танылған болатын.
