Әзербайжандық бұрынғы гимнаст Зейнаб Джавадлы Дубай прокуратурасының шешімімен қамауға алынған, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұған оның бұрынғы жұбайы — Дубай әмірінің жиені, Шейх Саид бин Мактум бин Рашид Әл Мактум түсірген шағым себеп болған.
Тергеу нұсқасына сәйкес, Джавадлы сот рұқсат берген кездесу кезінде балаларын алып кетіп, белгіленген мерзімде қайтармаған. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Айта кетейік, Зейнаб Джавадлы мен бұрынғы жұбайы арасындағы үш қыздың қамқорлығына қатысты дау бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Тараптар бір-бірін балаларды заңсыз ұстап отыр деп бірнеше рет айыптаған.
Зейнаб Джавадлы — бұрынғы әзербайжандық гимнаст, әлем және Еуропа чемпионаттарының жүлдегері. Ол 2015 жылы Дубай шейхына тұрмысқа шыққан. Қазір олардың үш қызы баржаста.
Ерлі-зайыптылар 2020 жылы ажырасқан. Осыдан кейін Зейнаб бұрынғы күйеуінің отбасы өзіне балаларымен еркін араласуға мүмкіндік бермейтінін айта бастаған.
