Испанияның Овьедо қаласында өткен көркем гимнастикадан клубтық чемпионатта қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева екі бірдей қола медальға қол жеткізді, деп жазады Sportbugin.kz.
Отандасымыз халықаралық жарыста жекелеген жаттығулар бойынша жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Ақмарал Ерекешева ұршықпен жаттығуда 29,700 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды. Ал таспамен орындалған жаттығуда төрешілер қазақстандық спортшының өнерін 27,600 ұпаймен бағалап, оған тағы бір қола жүлде бұйырды.
Осылайша, Ақмарал Ерекешева Испания чемпионатында екі мәрте тұғырға көтеріліп, Қазақстан қоржынына қос медаль салды.
