Қазақстан әйелдер құрамасы волейболдан Филиппиннің Кандон қаласында өтіп жатқан AVC Ұлттар кубогының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Топтық кезеңдегі соңғы кездесуде қазақстандық волейболшылар Вьетнам құрамасымен кездесіп, тартысты матчта 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы жартылай финалға өз тобынан бірінші орынмен жолдама алды.
Енді қазақстандық волейболшылар финал жолдамасы үшін А тобында екінші орын алған командамен кездеседі.
