Қостанай облысының еркін күрес бойынша аға жаттықтырушысы қызметіне Думан Бөлтіріков тағайындалды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Думан Серікұлы — Қазақстан Республикасының спорт шебері, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстардың жеңімпазы әрі жүлдегері.
Ол соңғы жылдары шетелде табысты еңбек етіп, екі жылдан астам уақыт Эквадор ұлттық құрамасын жаттықтырды. Оның жетекшілігімен Эквадор құрамасы тарихи жетістікке жетіп, ел тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы тәрбиеленді.
Маманның тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі Қостанай облысында еркін күрестің дамуына жаңа серпін береді деп күтілуде.
