Боксшы Нұрбек Оралбайдың оқу-жаттығу жиынындағы әрекеті желі қолданушыларының талқысына түсті, деп жазады Sportbugin.kz.
Желіде тараған видеолардың бірінде Нұрбек бапкердің нұсқауын толық тыңдамай тұрғандай көрінеді. Осы сәт көпшіліктің назарын аударып, пікірталас тудырды.
Кейбір желі қолданушылары спортшының әрекетін сынға алып, «Бапкерді тыңдамай тұр ма?», «Нұрбекке тоқта дегенде неге кетіп қалды?» деген сарындағы пікірлер қалдырған.
Айта кетейік, Түркістан облысында өтіп жатқан бірлескен оқу-жаттығу жиынына Қазақстаннан бөлек Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Түрікменстан құрамалары қатысуда.
