Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Александр Жулин мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Ресей құрамасына ауысқан жағдайдағы мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sportbugin.kz. Совспортқа сілтеме жасап.
«Шайдоровты Ресей сапында өнер көрсетуге шақыруға қазір кеш. Қазір бәрі әлдеқайда күрделеніп кеткен: федерация, ережелер, бюрократия — кедергілер жетіп артылады.
Әрине, ол Ресей құрамасын күшейте алар еді. Оның каскадтары өте мықты, жалпы деңгейі де жоғары. Бірақ мені оның Қазақстан мен Ресей туралы жуырдағы мәлімдемелері таңғалдырды. Шынымды айтсам, мұндай жағдайда сөз таңдауда абай болған дұрыс деп ойлаймын. Ақыр соңында, оның алғаны — ресейлік бапкер мен Сочидегі тамаша жаттығу жағдайлары ғана. Осыдан кейін, жасырмаймын, оған деген көзқарасым аздап өзгерді», — деді Жулин.
Айта кетейік, Александр Жулин мәнерлеп сырғанаудан жұптық өнер көтсетуде Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері.
