Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының спортшылары 2024 жылғы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында ұлттық құраманың туын алып шығады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан жастар құрамасының ту ұстаушылары ресми түрде белгілі болды. «Ұлттар шеруі» кезінде Қазақстан туын конькимен жүгіруден Петропавлдан ұлттық құраманың мүшесі Кристина Шумекова мен оралдық шорт-трекші Ерасыл Шыңғысхан алып шығады.
Бұл дарынды спортшылар Қазақстан туын тек спорттағы жетістіктері үшін ғана емес, халықаралық спорт ареналарында көрсеткен мінезінің мықтылығы үшін де алып жүру құрметіне ие. Он сегіз жастағы Кристина Шумекова — конькимен жүгіруден Қазақстан Республикасының спорт шебері, өз жас санатындағы Қазақстан Республикасының чемпионы, 2023 жылғы Италияда өткен Әлем Кубогі кезеңінің күміс жүлдегері. Он жеті жастағы Ерасыл Шыңғысхан — шорт-тректен спорт шеберіне кандидат, өз жас категориясы бойынша Қазақстан Республикасының чемпионы, сонымен қатар 2023 жылғы «Азия балалары» халықаралық жарысының күміс жүлдегері.