Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия Кубогында жүлдесіз қалды, деп жазады Sportbugin.kz.
Ұлттық құрама қола жүлде үшін Вьетнам командасымен кездесті. Топтық кезеңде қазақстандықтар бұл қарсыласты 3:2 есебімен жеңген болатын. Алайда шешуші матчта Вьетнам волейболшылары басым түсіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан ұлттық құрамасы Азия Кубогын төртінші орынмен аяқтады.
Ал турнир жеңімпазы — Оңтүстік Корея құрамасы. Олар финалда Қытай Тайпейін 3:0 есебімен ұтып, чемпион атанды.
