Қытайда өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қазақстандық боксшы Наталья Богданова алғашқы жекпе-жегінде жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда отандасымыз қытайлық Бао Цзыимен қолғап түйістірді. Тартысты өткен кездесуде төрешілердің 4:1 есебіндегі екіұдай шешімімен алаң иесі жеңіске жетті.
Осылайша, Наталья Богданова жарысты ерте аяқтады.
Айта кетейік, Наталья Богданова 2025 жылы World Boxing нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанса, 2024 жылғы IBA әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған болатын.
