Қытайда бокстан өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңін Сабыржан Аққалықов жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Отандасымыз 1/16 финалда Қытай өкілі Хиабао Уангпен кездесіп, қарсыласынан айқын басым түсті. Төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық боксшыға берді.
Осылайша, Сабыржан турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды. Енді ол 17 маусым күні өзбекстандық боксшы Жавохир Умматалиевпен қолғап түйістіреді.
Айта кетейік, бұл Сабыржан Аққалықовтың жаңа салмақтағы алғашқы ресми кездесуі болды.
