АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы Ақ үйде өткен UFC Freedom 250 турнирінде жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу сарапқа салынды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Грузиялық Илия Топурия америкалық Джастин Гэтжиге қарсы титулын қорғады. Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек төртінші раундтан кейін аяқталды. Топурия бесінші раундқа шықпай, жеңіс Джастин Гэтжиге берілді.
Осылайша, Джастин Гэтжи кәсіби мансабындағы 28-жеңісіне қол жеткізіп, UFC-дің жеңіл салмақтағы жаңа чемпионы атанды. Бұған дейін ол ұйымның уақытша чемпионы болған еді.
Ал Илия Топурия кәсіпқой ММА мансабында алғаш рет жеңіліп, чемпиондық белбеуінен айырылды. Бұған дейін грузиялық файтер октагонда бірде-бір рет жеңіліс көрмеген болатын.
